Биыл 22 желтоқсан күні сағат 11-00-де Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында қала әкімі Руслан Аңбаев халықпен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Барлық ниет білдірушілерге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режімінде кездесуге қатысу мүмкіндігі беріледі. «Петропавл қаласы әкімінің кездесулері 2022» Telegram-бот қосымшасының төмендегі сілтемесі арқылы өз ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңыз бен пікірлеріңізді қалдыра аласыз.(https://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot)
Сондай-ақ онлайн трансляция кезінде 109 нөмірі бойынша «Ikomek» ахуалдық орталығы мен 8 778 566 14 04 Whatsapp нөмірі бойынша анықтама қызметі жұмыс істейтін болады.
— Ұсыныстар мен ескертулер өтініш берушілердің тегі, аты, әкесінің аты, үй мекенжайы және байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілген жағдайда ғана қаралатын болады,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.