СҚО-да топырақ бір метрге дейін қатқан

Авторы: Qyzyljar News

Метеорологтар Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандарда топырақтың қату тереңдігін өлшеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, Ақжар ауданы Талшық ауылындағы топырақ қатуының ең терең деңгейі тіркелді, мұнда жер қыртысы 100 сантиметрге дейін қатқан. Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы мен Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылында топырақ шамамен 80 см тереңдікке дейін қатып қалса, Ғ. Мүсірепов, Айыртау және Мамлют аудандарында тереңдігі небәрі 35 см дейін ғана жеткен.

Аймақта 28 градусқа дейін аяз тіркелгеніне қарамастан, биылғы жауған қардың мөлшері аз. 25 метеостанция мен бекетте өлшенген қардың қалыңдығы 2-ден 22 см-ге дейін ғана. 10 желтоқсандағы орташа көпжылдық мәндер бойынша қардың қалыңдығы 8-ден 15 сантиметрдің шамасында. Өткен жылдың дәл осы күні қар жамылғысының биіктігі 7-ден 47 сантиметрге дейін болғанын айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz