Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға БЖЗҚ-да арнайы шот ашылады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында арнайы жинақ шоты ашылады. Бұл жөнінде 14 желтоқсанда үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Вице-министр «Балаларға арналған ұлттық қор» бастамасы 2024 жылы басталатынын айтты.

– 18 жасқа дейінгі барлық баланың жеке жинақ шотты болады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шоттардың операторы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады,- деді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі. Бұған қатысты заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарланған.

12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне Ұлттық қордан түсетін трансферттерге созылмалы тәуелділіктен арылуды тапсырды. Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға дейін өсуі керек. Сондықтан, одан аз жұмсап, көп табыс табу керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz