СҚО-да айран мен ірімшіктің шекті бағасы белгіленеді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да айран мен ірімшікке рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды. Қаулының тиісті жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында пайда болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжатта жұмсақ қаптамада майлылығы 2,5% айран мен майлылығы 5-9% ірімшіктің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары санатына жататындығы көрсетілген. Оларға рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын белгілеу ұсынылады, яғни бір литр айран 276 теңге, ал бір килограмм ірімшік 1 453 теңгеден аспауы тиіс.
Қаулы жобасына түсіндірме жазбада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті бөлшек сауда бағалары 15% — дан асқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін белгілейтіні көрсетілген.
Төртінші тоқсандағы айранның шекті мәні 237 теңгені құрады, ал 29 қарашадағы орташа статистикалық баға 280 теңгеге жетті. Шекті рұқсат етілген бөлшек бағаның мөлшері арнайы формула бойынша есептеледі. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы шекті бағаны 90 күнтізбелік күннен кейін қайта қарауға болатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz