М.Қозыбаев атындағы СҚУ студентіне профессор Зарқын Тайшыбайдың арнайы шәкіртақысы тағайындалды

Авторы: Qyzyljar News

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Ұлағатты ұстаз – дарынды шәкірт» атты жиын өтті. Онда «Журналистика» кафедрасының негізін қалауға елеулі еңбек сіңіргендердің бірі – филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зарқын Тайшыбайдың еңбектері айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның бір кездері Қарағандыдан Қызылжарға келіп, осында журналистика мектебін қалыптастырғаны көпке аян. Ғалымның алдын көрген шәкірттері бүгінде өңіріміз бен республиканың бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп жүр. Профессордың журналистиканың теориялық негізі мен тарихы туралы көптеген еңбектері жарық көріп, маман даярлау үшін кеңінен пайдаланылып келеді. Абыз оқытушы әлі де ғылыммен айналысып, жас маман тәрбиелеуде. Ғалымның осы және өзге де еңбектері университет қабырғасында өткен «Ұлағатты ұстаз – дарынды шәкірт» атты жиында сөз етілді.

Шара барысында жарты ғасырға жуық оқытушылықпен айналысып келе жатқан ғалымның үздік шәкірттеріне де құрмет көрсетіліп, олардың бірқатары марапатталды. Атап айтқанда университеттің тыныс-тіршілігін көрсететін «Парасат» бағдарламасын түсіріп, шығаруға белсенді атсалысқан студенттерге Алғыс хаттар табысталды. «Парасат» бағдарламасы аптасына бір рет облыстық «Qyzyljar» арнасынан көрсетіліп отырады. Ал профессор Зарқын Тайшыбай атындағы арнайы шәкіртақыға университеттің 3 курс студенті Ұлан Ыдырыс ие болды. Ұлан жоғары оқу үлгерімімен, қоғамдық шараларға белсенді қатысуымен көзге түсіп жүрген жастардың бірі. Жас шәкірттерінің бұл жетістігіне куә болған ғалым оларға ризашылығын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz