СҚО-да өлім-жітім 19%-ға азайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда    101,7 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1% — ға аз, деп хабарлайды   qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде өлім-жітімнің айтарлықтай төмендеуі байқалады.     Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында 18,7%-ға,  Шығыс Қазақстан облысында 52,5%-ға дейін азайған.

СҚО-да қаңтардан қыркүйекке дейін 4,8 мың адам қайтыс болды.

Қазақстанда өлімнің ең көп тараған себептерінің ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары жиі кездеседі, биыл бұл дерттен  22,7 мың адам қайтыс болды. Дегенмен  бұл ретте өткен жылғыға қарағанда   30,2% — ға аз.

Бұдан бөлек  неоплазмалар (10,2 мың қайтыс болған), тыныс алу органдарының аурулары (9,8 мың қайтыс болған), жазатайым оқиғалар, улану және жарақат (8,5 мың қайтыс болған), сондай-ақ ас қорыту органдарының аурулары (8,1 мың қайтыс болған) сияқты себептер бар.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz