Бүгін облыстық балалар ауруханасында жаңа МРТ аппараты іске қосылды, деп хабарлайды деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Бұл балалар ауруханасына орнатылған алғашқы МРТ. Енді кішкентай балаларға МРТ өту үшін басқа емдеу мекемелеріне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Оған қоса, биыл балалар ауруханасына жаңа компьютерлік томограф, ота жасалатын және оңалту қондырғылары орнатылды. Бұның барлығы балалардың сапалы ем алуы үшін жасалып отыр, — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Фото: ашық дереккөздерден.