Тайынша ауданының орталық ауруханасына жаңа компьютерлік томограф орнатылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бұл облысымыздағы тоғызыншы медициналық құрылғы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Бұл аппарат Уәлиханов және Ақжар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетпек. Келесі жылы ауданаралық ауруханаға МРТ және цифрлық ангиограф сатып аламыз. Айта кету керек, бұл аудандарда  орнатылған алғашқы МРТ болмақ. Жаңа қондырғылардың арқасында  күрделі операциялар жасалынады.  Үш ауданның тұрғындары сапалы  медициналық көмек алады, — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Сондай-ақ, өңір басшысының қатысуымен    «BioOperations» зауытында    сұйылтылған көмірқышқыл газын шығаратын цех іске қосылды. Оның қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазір кәсіпорында 600 адам жұмыс істейді. Көмірқышқыл газы тамақ өнеркәсібінде, металл өңдеуде, қорғаныс құралдары мен өрт сөндіруде, сондай-ақ химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар Өңір басшысы  бұл күні Тайынша және Аққайың аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді.  Аудандарды дамытудың жоспары талқыланып, тұрғындардың барлық сауалдары ескерілді. 2023 жылы көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Аудан әкімдері құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын қатаң қадағалап, барлық қаржыны мақсатты жұмсау керек.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz