Жаңа жылдық мереке қарсаңында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
15 желтоқсаннан бастап орман қорғау ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
— Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылды. Елді мекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде сатуға тыйым салу, сондай — ақ тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі, — деді Шұғыла Тұрлыбек.
Фото: ашық дереккөздерден.