Петропавл қоғам белсенділері шетелдік туристерден жарна алуға қарсы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері шетелдіктерге туристік жарна енгізуге бірауыздан қарсы дауыс берді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзаның айтуынша,  қоғамдық кеңестің отырысында      туристерден қалада болғаны үшін  5% мөлшерінде туристік жарна енгізу мәселесі қаралды.

— Мен біздің қауымдастықтың ұсынысымен келісіп, қолдау білдірген, осылайша  2023 жылға арналған 5% туристік жарнаны   енгізуді мақұлдамаған    кеңес мүшелеріне алғысымды білдіремін,   — деді Сайран Хамза.

Алайда, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді қалалық мәслихат қабылдауы тиіс.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz