Алдағы тәулікте суық арктикалық ауа массаларының әсерінен облыс аумағында ауа температурасы түнде 18-23 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстың шығысында -13 аяз, күндіз 12-17, облыстың оңтүстік-батысында 20 аяз төмендейді деп күтілуде. Облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, боран соғады. Солтүстік-батыс пен батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады.
22 желтоқсан: облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында қар мен боран күтілуде. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 20-25, облыстың батысында 17 градус аяз.
23 желтоқсан: облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 17, күндіз 10-15, облыстың солтүстік-батысында 6 градус аяз.
Фото: ашық дереккөздерден.