Петропавл 2-ЖЭО-да көмір жеткілікті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министр Әлихан Смайылов кейбір өңірлерде көмір қоры жеткіліксіздігіне назар аударды. Оның себептері туралы  Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бірқатар өңірлерде көмір қоры нормативтерден төмен. Сұрақ қалай шешіледі? — деп сұрады Премьер-министр Үкіметтің  отырысында.

— Бүгінде энергоорталықтардың қоймаларында көмір қоры шамамен 3 миллион тоннаны құрайды. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Алайда, кейбір станцияларда бұл норматив қамтамасыз етілмеген. Бұл Қарағанды ЖЭО, Теміртау ГРЭС, Павлодар ЖЭО,    Петропавл ЖЭО-да-көмір жеткіліксіз болатын.  Энергетикалық қадағалау комитеті тәулігіне екі рет аталған электр станциялары мен ҚТЖ өкілдерінің  қатысуымен селекторлық кеңес өткізеді. Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-да көмір қоры толтырылды, — деп жауап берді Болат Ақшолақов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz