Премьер-Министр Әлихан Смайылов кейбір өңірлерде көмір қоры жеткіліксіздігіне назар аударды. Оның себептері туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Бірқатар өңірлерде көмір қоры нормативтерден төмен. Сұрақ қалай шешіледі? — деп сұрады Премьер-министр Үкіметтің отырысында.
— Бүгінде энергоорталықтардың қоймаларында көмір қоры шамамен 3 миллион тоннаны құрайды. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Алайда, кейбір станцияларда бұл норматив қамтамасыз етілмеген. Бұл Қарағанды ЖЭО, Теміртау ГРЭС, Павлодар ЖЭО, Петропавл ЖЭО-да-көмір жеткіліксіз болатын. Энергетикалық қадағалау комитеті тәулігіне екі рет аталған электр станциялары мен ҚТЖ өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізеді. Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-да көмір қоры толтырылды, — деп жауап берді Болат Ақшолақов.
Фото: ашық дереккөздерден.