Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 13% — ға қымбаттады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы  қаңтар-қазан айларында Қазақстанда  фармацевтикалық өнімдер өндірісі тек 130,2 млрд. теңгені құрады, былтырғымен салыстырғанда    26,2% — ға аз, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі energyprom.kz сайтына  сілтеме жасап.

Өңірлер арасында Шымкентте өнідіріс көлемі көп,   46,4 млрд.теңгені құрайды.   Алматы облысында 35,1 млрд. Теңгенің,  Алматы қаласында 17,6 млрд. Теңгенің өнімі шығарылған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан 1,1 млрд.АҚШ доллары сомасына 20,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Заттай өсім 17,6%, ақшалай өсім 24,4% құрады.

ТМД елдерінен 114,8 млн.АҚШ долларына 7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемі Ресейге тиесілі, —  5,2 мың тонна. Былтырғымен салыстырғанда 15,4% — ға аз. Беларусь пен Украина да ТМД-дан негізгі жеткізушілердің үштігіне кірді.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 1 млрд.АҚШ доллары сомасына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда Қытай     негізгі жеткізуші десек болады,  2,9 мың тонна дәрі – дәрмек келді. Өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Көшбасшылар үштігіне Германия мен Үндістан да кірді.

Ағымдағы жылдың қараша айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттардың бағасы   13,2% — ға өсті.

Бағалар Алматы ( +18%), сондай-ақ Маңғыстау (+17,3%) және Жамбыл (+ 15,4%) облыстары тұрғындарының қалтасына қатты батты. Қымбаттаудың ең аз мөлшері  Алматы облысында тіркелді: 8,8%.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz