231
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Астана мен Петропавл арасында тұрақты әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Елордадан Петропавлға немесе кері бағытта ұшу құны 12 мың теңге тұрады.
— 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы-5 кг, багаж — 20 кг. Ұшу күнін өзгерткені және билеттерді қайтару үшін қосымша ақша ұсталмайды, — деп хабарлады авиакомпания өкілдері.
Фото: ашық дереккөздерден.