14 қаңтарда Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да Қазақстан Республикасы  Парламент Сенатының депутаттығына 5 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олардың екеуі ер, үшеуі  әйел адам,  деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Үміткерлерді тіркеу науқаны 24 желтоқсанға дейін жалғасады. Облыстан  Парламент сенатына бір депутант сайланбақ. Үміткерлердің ең жасы 37-де боса, ең үлкені 60 жаста.

-Қазіргі күні 5 адам ұсынылды.  1. Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы, 1977 жылы туған, «Солтүстік» ӘКК АҚ басқарма төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі; 2. Бердағұлов Арман Сағатұлы, 1985 жылы туған, Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі; 3. Қайыржанова Лаура Советқызы, 1969 жылы туған, «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі; 4. Могунова Данголе Антонасовна, 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі; 5. Кәрімова Гүлмира Райымбекқызы, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі. Біздің облыстан 1 депутат сайланады. 29 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну өтті. Солтүстік Қазақстан облысында 5 адам өз кандидатурасын ұсынды, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Мамандығы бойынша: 2 кандидат – оқытушы, 2 – экономист, 1 – әлеуметтік жұмыс. Үміткерлердің 1-і коммерциялық құрылым өкілі, 1-і мәслихат хатшысы, 3-і мемлекеттік мекеме қызметкерлері, — деді СҚО орталық сайлау  комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz