Жаңа өрт сөндіру бекеті Ковыльное ауылында ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа нысан аудандағы Ковыльное ауданында ашылып отыр. Оның ашылуына облыстық төтенше жағдайлар демапртаментінің өкілдері мен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Аманжолов, «Ақселеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Малаев қатысты. Жаңа нысан аталған «Ақселеу» шаруашылығының базасында жұмыс істейтін болады.
Игі жаңалықты ауыл тұрғындары да зор қуанышпен қабылдап, ашылу салтанатына қатысты. Өрт сөндіру бекеті елді мекендердің қауіпсіздігін арттырып, оқыс оқиғалардың алдын алуға сеп болады. Аталған бекетке сол маңдағы Ковыльное, Қырымбет, Соколоградовка ауылдарының тұрғындары хабарласып, жедел көмекке жүгіне алады. Бүгінде бұл елдімекендерде мың жарым адам тұрып жатыр. Алыс аудандарда мұндай нысандардың ашылуы өртпен күресті оңтайландырып, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдетпек.
Фото: СҚО ТЖД.