Кардиология орталығынан 60 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кардиология орталығының шатырынан түтін шығып, оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті  баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:51-де құтқарушылардың «101» пультіне Васильев көшесі, 123 мекенжайы бойынша орналасқан  емдеу мекемесінің шатырынан  түтін иісі шығып тұрғаны жайлы ақпарат түскен.  Оқиға орнына 15 бірлік техника, өрт сөндіру бөлімдерінің  50 қызметкері жөнелтілді.

— Төтенше жағдай орын алған жерден 60 адам эвакуацияланды. От лифт шахтасынан байқалды. 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған.  Қазіргі уақытта қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, — дейді департаменттің  өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Амангелді Әуесханов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz