Сотталушы биыл наурызда ұсталған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көктемде қала тұрғынының есірткі сатты деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Ол кезде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 2 келі марихуананы өткізу әрекетінің жолын кесті. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тағы 12,5 кг-ға жуық марихуана салынған пластикалық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта 28 жастағы азамат 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.
-Жыл басынан облыста өткізу мақсатымен есірткі сақтағаны үшін барлығы 17 адам сотталды. Үкімдердің басым бөлігі 10 жылдан асады. Осылайша, биылғы жылы облыста сотталған есірткі сатушылар бас бостандығынан айыру орындарында жалпы саны 215 жыл өткізеді- дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Фото: СҚО ПД.