Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында қысқы және жазғы каникул кезеңінде білім алушыларға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қағидаларға сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында студенттерге қысқы және жазғы каникул кезеңінде өтемақы төлеу қалааралық теміржол және автомобиль көлігімен жүруі үшін қарастырылған. Бұл тізімге такси кірмейді.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттердің мына санатына жол жүру ақысы төленеді:
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы күндізгі оқу нысанындағы білім алушыларға жылына екі рет қысқы және жазғы каникул кезінде 2 еселенген АЕК (6900 теңге);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының резидент емес түлектеріне жылына бір рет 2 еселенген АЕК (6900 теңге) мөлшерінде.
Фото: ашық дереккөздерден.