Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақыны ресімдеу жеңілдеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті болмайды, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен артықшылығы — қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді дұрыс енгізген жағдайда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранда көрсетіледі.

Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл процесс көп уақыт алып, жәрдемақыларды ресімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.

«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» жаңа қызметін пайдалану үшін eGov.kz порталы арқылы пайдаланушылар:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
  • басты бетте «Азаматтарға» — «Әлеуметтік қамтамасыз ету» — «Мүгедек адамдарды қолдау» өту керек;
  • «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдайды;
  • онлайн қызметке тапсырыс береді;
  • ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алады.

8 жұмыс күні ішінде ызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар, дәл осы қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде қолжетімді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz