Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада тұрғындармен кездесті. Шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Руслан Аңбаев қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылы қалалық бюджеттің жалпы көлемі 71,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бекітілген бюджет — 51,9 млрд.теңге.
— Ағымдағы кезеңде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің көлеміне келесі бағыттар бойынша қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 279,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,6 млрд.теңгеге артық. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі алады, 78,2 млрд.теңгеге өсіп, 226,6 млрд. теңгені құрады. Машина жасау саласында 81,1 млрд.теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді (2021 ж. — 47,6 млрд. теңге — 1,7 есе өсім). Тамақ өнімдерін өндіруде де жақсы динамика байқалады — 103,8 млрд. теңге (2021 ж. — 76,9 млрд. теңге.) теңге, — деді Руслан Аңбаев.
Құрылыс, инвестиция тарту саласында да жақсы көрсеткіштер бар.
Баяндамадан кейін СҚО әкімі Айдарбек Сапаров пен Петропавл әкімі кездесуге қатысушылармен «сұрақ-жауап» форматында сөйлесіп, қала тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Сондай-ақ, Руслан Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады.
Облыс әкімі өз кезегінде Петропавлдың тұрақты дамуы үшін шешілетін бірқатар стратегиялық мәселелерді атап өтті, олардың ішіндегі ең маңыздысы — жылумен жабдықтау. Өңір басшысы келесі жылға арналған 2-ЖЭО және жылу желілерін жөндеу бойынша жоспарларымен бөлісті.