Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанты марапатталды.

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қайрат Үмбетовтің атынан алғыс хат пен Ұлттық ұлан Академиясы бастығының грамотасын әскери оқу ордасының бастығы полковник Артур Тоқышев табыс етті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тик-Ток желісінде Петропавлда түсірілген әлеуметтік эксперименттің видеосы пайда болған еді. Кадрда формадағы жас жігітке жақындаған бойжеткен «Көмектесіңізші, ол мені ұрады» деген өтінішпен көмек сұрайды. Жігіт оның өтінішіне бей-жай қарамай, мән-жайды анықтауға, қыз балаға көмектесуге тырысады. Жәбірленушіні мүмкіндігінше қорғай бастайды. Нәтижесінде бұл көріністің алдын-ала ойластырылған әлеуметтік зерттеу екенін айтып, курсантқа мән-жайды түсіндіреді. Сондай-ақ, азаматтық мінз танытқанына алғыс білдіреді.

Кейін белгілі болғандай, блогер   Владимир Пекарский жүргізген эксперименттің кейіпкері – Ұлттық ұлан Академиясының 2 курс курсанты Санжар Ақанұлы болып шықты. Оның батыл әрекеті қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz