ЖОО-да қалалық мектеп басшылықтарымен кездесу аясында СҚО білім басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков әріптестеріне, университет ректорына алғыс білдіріп, табысты ынтымақтастық тіледі.
-Бұл университет пен өңірдегі орта білім беру саласы арасында жасалып жатқан таптырмас бірегей жоба. Ынтымақтастығымыз үш бағытты қамтиды: педагогикалық практика, инклюзивті білім беру және кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен байланысты, — деді Нәзір Жәшібеков.
Меморандумның арқасында біздің студенттер практикадан өтетін мектептерге ресми түрде бекітілетін болады. Инклюзивті ББ бойынша әдістемелік құралдар дайындалуда, техникалық жағдайлар жасалды.
Өз кезегінде Университеттің басқарма төрағасы- ректор Ерлан Шұланов университеттің педагогикалық бағыттағы студенттерді дайындау жолындағы міндеттерін шешуге бар күшін салатынына сенімін білдірді.
-Бүгінде көптеген мектептер педагог мамандарына тапшы.Сондықтан ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеру қажет. Алдағы қаңтар айына біз үлкен жоспар құрдық, алдымен халықаралық білім беру бағдарламаларын құруда жұмыс істейміз. Себебі Аризона университетімен педагогикалық халықаралық білім беру бағдарламасын ашу жоспарлануда, деді Ерлан Шұланов.
ЖОО мен нақты мектептер арасында 50-ден аса екіжақты шарттар жасалған.
Фото: ашық дереккөздерден.