Петропавлда жолдарды жөндеуге бөлетін қаржы он есе ұлғайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс басшысы Айдарбек Сапаров Петропавл әкімі мен тұрғындардың кездесуі барысында жолдарды жөндеу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылдан бастап біз жолдарға  күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Тек орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік, — деп атап өтті СҚО әкімі.

Оның айтуынша, 2022 жылы бұл мақсаттарға шамамен 400 млн.теңге бөлінді,   қаржыландыру бұдан әлдеқайда аз болған жылдар да бар.

2023 жылға арналған облыс бюджетін қарау кезінде қала әкімі Руслан Аңбаев    ұсынған ақпарат қаралып,   қолдау туралы шешім қабылдады. Айдарбек Сейпелұлы  жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржы көлемін 10 есеге дейін ұлғайтты.   2023 жылы жолдарды жөндеуге 4 млрд.теңге бөлінеді.

— Қала әкімі уәде еткендей, бұл қаражат 17 көшеге жұмсалады. Әрине, барлығы бірден толық жөндеуден өтпейді, өтпелі жобалар болады, бірақ біз кем дегенде 10 көшені күрделі жөндеуден өткізуіміз керек. Бұрын  көшені жауып тастап, жаз бойы бір автогрейдер, екі асфальт  төсеуші мен үш жұмысшы жүретін.    Олай болмауы керек! Мықты  компаниялар келіп, жұмысты 10 күнде, ең көбі жарты айда аяқтауы қажет.  Ол үшін сатып алу кезеңінде құжаттарда айқын көрсетіп, уақытында өткізуге тиіс,  —  деді  Айдарбек Сапаров.

Облыс әкімі жол мәселесін жеке бақылауда ұстауға және учаскелерге барып, тексеріп отыратынын  атап өтті.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz