Жаңажылдық мерекеде балаларға сыйлық беруге тыйым салынбайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс мектептерінде балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беруге тыйым салу мәселесіне қатысты  пікір білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес тек мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірліген адамдарға, оның ішінде мектеп директорларына сыйлықтар беруге және қабылдауға тыйым салынған. Ал мұғалімдерге келетін болсақ, олар сыбайлас жемқорлық субъектілері болмаса да, олар үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес заңсыз сыйақы алу үшін жауапкершілік көзделген. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беру сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу болып табылмайды.Жаңа жыл – бұл отбасылық мереке және балалар үшін ерекше ғажайыпқа ие күн, — деліген департамент таратқан ақпаратта.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz