ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник елдегі ЖРВИ-дың таралуына қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. тілшісі.
-Ел аумағында тұмау мен ЖРВИ-дің жиі таралуы байқалады. 1 қазаннан бастап санитарлық қызмет 2 млн. 100 мың ЖРВИ жағдайын тіркеді. Оның арасында 1 млн. 300 мыңы 14 жасқа дейінгі бала. Тұмау бойынша Қазақстанда «В» вирусы өршіп тұр. Барлық өңірде тіркелген. Жалпы, суық тиіп ауру көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 10 пайызға өскен, — деді Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ министрдің орынбасары тұмау және ЖРВИ-ге қарсы елімізге 2 млн. 280 мыңнан астам вакцина әкелінгенін және тұрғындардың 12 пайызы екпе алғанын айтты.
Фото: ашық дереккөздерден.