СҚО полицейлері петропавлдықтан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл СҚО полицейлері «синтетиканың» аса ірі мөлшердегі партияларының бірін күдіктінің ауласынан тапты,деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Күзде солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында одан кристалл тәрізді зат салынған «зиплок» пакет тәркіленді. Жалдамалы пәтерден тағы екі пакет пен темекі шегуге арналған құрылғы табылып, алынды. Полицейлер ұсталғанның тұрғылықты жері бойынша жеке меншік үйдің ауласынан аса ірі мөлшердегі есірткі салынған полимер пакет алды. Сараптама қорытындысына сәйкес «тұз» деген атпен белгілі α-PvP есірткі заты болып табылады. Алынған заттың жалпы салмағы 484,32 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады және 2 мың астам бір реттік қолданатын дозаны құрайды.

-Аталған факті ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа тапсырылды. Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі сатты деген күдікпен 82 адамды ұстады. Заңсыз айналымнан 425 келі  есірткі алынды, оның ішінде 3 кг. 429 гр. синтетикалық есірткі,  — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы   Иван Терзиди.

Фото: СҚО ПД.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz