Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала көшелерін жөндеуге ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл М.Жұмабаев пен Горький көшесінің жолы да жөнделе бастады. Мұндағы жұмыстар 2023 жылы толыққанды аяқталатынын мәлім етті шаһар басшысы.
– Биыл орташа жөндеу жұмыстары 2,8 шақырымда жүргізілсе, 27 көшенің ой-шұңқырлары жамалды. Алдағы жылы бұл жұмысқа 300 млн. теңге бағытталмақ. Сондай-ақ менің халықпен есептік кездесуімде облыс әкімі Айдарбек Сейпілұлы жолдарға бағытталған бюджет көлемі 4 млрд. теңгеге жететінін де айтты. Нәтижесінде бір жылдың ішінде 17 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз, – деді Руслан Аңбаев.
Сондай-ақ, қала басшысы көшелерді қысқы және жазғы күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеу мен шұңқырларды жабуға бюджеттен 476,3 млн. теңге қарастырылғанын атап өтті.
Фото: ашық дереккөздерден.