Ғ.Мүсірепов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға Руслан Аңбаев әкім болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Серік Мұхамедиев атқарған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімінің өкімімен Руслан Аңбаев Петропавл қаласы әкімі лауазымынан босатылып, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға басшы болды.

Руслан Аңбаев 1978 жылы қарашаның 23-і күні Тимирязев ауданындағы Целинное ауылында дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы:

1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетінің аудит бөлімінің аға салық инспекторы қызметін атқарды.

2002-2008 жылдар аралығында бас салық инспекторы, жанама салықтар аудиті бөлімінің басшысы, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және салықтар алу бөлімінің бастығы, Тимирязев ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары – Есіл ауданы бойынша салық басқармасының басшысы.

2011-2014 жылдары – Тайынша ауданы бойынша салық басқармасының басшысы.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, терроризмді алдын алу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2019 жылға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі болды.

2020 жылдың қазан айынан 2022 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Петропавл қаласының әкімі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz