Дүйсенбіде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда, қала көшелерін жинау кезінде жасыл желектерді бүлдіргені үшін мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.
Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
— Менің ойымша, өз жұмысына салғырт қарайтын мердігерлерді жауапқа тарту қажет. Ескертулер қайталанған жағдайда шартты бұзу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты ТҮКШ бөлімінің басшысына көшелерді қардан тазарту ережелерін тағы бір рет түсіндіруді тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда болады, — деп жазды қала әкімі.
Фото: ашық дереккөздерден.