Волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының II турының ойындары аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қуаныш» клубының волейболшылары 5 ойынды да ойдағыдай өткізіп, жеңіске жетті. Біріншіліктің кезекті ойындары 20-27 қаңтар аралығында Өскеменде өтеді. Жақында Астанада «Жеңгемпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша «Қуаныш» волейбол клубы спорттың ойын түрлеріндегі үздік команда атанды. Ал клуб директоры Қайырбек Хамзин жылдың үздік меценаты деп танылды.
Фото: ашық дереккөздерден.