СҚО-да 15 жасар оқушыны көлік қағып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

27 желтоқсан күні сағат 08:20 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылындағы Центральная көшесінде «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі 2007 жылы туған 10-сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен кәмелетке толмаған қыз баланы Шал ақын аудандық ауруханасына жеткізді. Кейін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші мас емес.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналуда.

11 ай ішінде СҚО жолдарында жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 7 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz