СҚО-да билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан СҚО-да билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді,   деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полицейлері билік өкілдерін қорлағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертеді. Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу не қоғамдық жұмыстар жазасына тартылуы мүмкін. 26 қарашаға қараған түні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамды жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін тоқтатқан. Ер адам полицейдің заңды талаптарына қарсылығын білдіріп, тіл тигізген. Кейін ол медициналық куәландыруға жеткізіліп, тексеру қорытындысы оның масаң күйде болғанын көрсетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баппен 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген. Жалпы, жыл басынан облыста билік өкілін қорлаудың 30 фактісі тіркелді. Олардың барлығы дерлігі спирттік ішімдіктің әсерінен орын алған. Масаң күйдегі адамдар полиция қызметкерлерімен дауласып, күш көрсетпекші де болған, бұндай 14 жағдай тіркелді.

Полицейлер Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы еске салады.
Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz