СҚО прокуратурасында шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты істер туралы айтылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Еліміздің мемлекеттік органдарының алдында тұрған басты міндеттер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Барлығы үшін және әрқайсысы үшін» іс-қимыл жоспарын сапалы іске асыру болып табылатыны белгілі, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірқатар тапсырмалардың сотта мемлекеттік айыптауды қолдауға тікелей қатысы бар, оның ішінде — репрессиялық тәсілден бас тарту және бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдану практикасын кеңейту.

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұловтың айтуынша, бас бостандығынан айыру туралы мәселені сотқа қатысушы прокурорлар жазаның баламалы түрлерін қолдану мүмкін еместігі  туралы шешімнен кейін ғана қарауға тиіс.

Прокурордың орынбасары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты істер бойынша айыптауды қолдай отырып, өзінің соңғы тәжірибесінен  мысалдармен бөлісті.

— Бірінші іс бойынша, қазақстандықтың  соттылығына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы сотты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауға бағыттады. Мұның себебі сотталушының жасы ұлғайған және объективті жағдайлар болды, соның салдарынан көрші мемлекеттің азаматы тек зейнетақысын алу үшін шекарадан өтуге мәжбүр болды. Екінші іс бойынша Ресей Федерациясының азаматы С. жұмылдырудан жасырынып, шекараны заңсыз кесіп өтті. Соттар прокурордың ұстанымымен келісіп, бірінші жағдайда шартты жаза, ал екінші жағдайда айыппұл тағайындап, екеуін де Қазақстаннан 5 жыл мерзімге шығарып жіберді, — деді прокурордың орынбасары.

Мұрат Қожамқұлов атап өткендей, жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзету және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz