СҚО-да пневмониямен сырқаттанғандар саны 27% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев облыстағы ахуал жайлы баяндады.
— Биыл эпидемиологиялық маусым басталғалы пневмониямен ауырған 474 науқас тіркелді. Өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 27%-ға көп. Өткен жылы 373 жағдай анықталды. Ауырғандарды дені 14 жасқа дейінгі балалар, 87%-ы солар. Бір жасқа толмаған 102 сәби ауырған. Сонымен қатар жүкті үш әйел ауырғаны анықталды, — деді Әсет Жұматаев.
Фото: ашық дереккөздерден.