СҚО-да веб-афералардың жартысына жуығы интернет-сатылымдар арқылы жасалған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

  Жаңа жыл қарсаңында полицейлер Петропавл тұрғындарын желідегі алаяқтар тарапынан болатын қауіп туралы ескерту үшін еріктілермен күш біріктірді, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары, полицияның ерікті көмекшілері мен СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобының өкілдері қаланың сауда орталықтарында профилактикалық акция өткізді. Олар жадынама таратып, интернеттегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

-Бұл ескерту әсіресе жаңажылдық мереке қарсаңында адамдардың дені сыйлықтар мен кәдесыйларды, соның ішінде интернет арқылы іздеген уақытта аса өзекті.  Мысалға, желтоқсанда хабарландыру бойынша «айфон» сатып алмақ болған қалалық жас жігіт полицияға жүгінген. Алдын ала төлем аударылғаннан кейін, «сатушы» байланысқа шықпай қойған. Барлығы 11 айда облыста 713 интернет алаяқтық тіркелді, оның ішінде 313-і белгілі сайттардардағы хабарландырулар мен әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сатумен байланысты,  — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы   Марат Жұмалиев.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz