Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген анықтамаларды жинаудың қажеті болмайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа қызметтің ыңғайлылығы мен артықшылығы — қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық деректер мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді дұрыс енгізген жағдайда өтініш берушіні растайтын ақпарат экранда көрсетіледі.
Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз түрінде көрсетілген, бұл процесс көп уақыт алып, жәрдемақыларды ресімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.
«Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» жаңа қызметін пайдалану үшін eGov.kz порталы арқылы пайдаланушылар:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
- басты бетте «Азаматтарға» — «Әлеуметтік қамтамасыз ету» — «Мүгедек адамдарды қолдау» өту керек;
- «Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдайды;
- онлайн қызметке тапсырыс береді;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойып, қызметті онлайн алады.
8 жұмыс күні ішінде ызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар, дәл осы қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» бөлімінде қолжетімді.
Фото: ашық дереккөздерден.