Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022 жыл тарих қойнауына еніп барады. Бұл жыл көптеген маңызды

оқиғалармен есімізде қалады. Ұлттық мереке ретінде  Республика күнінің қайта оралуы, Конституцияға  өзгерістер енгізу жөніндегі референдум және кезектен тыс Президент сайлауы – ел игілігі үшін атқарылған шаралардың бір парасы.

Бұл елеулі оқиғалар солтүстікқазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болды, өңір тұрғындарының жаңа өзгерістерге дайын екенін  көрсетті.

2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Балалар жылы» кеңінен аталып өтті. «Балалар жылы»  мемлекет  өскелең ұрпаққа  ерекше назар аударатынын және еліміздің болашағына қамқорлық жасайтынын көрсетті.

Солтүстікқазақстандықтар үшін өтіп бара жатқан жыл  экономикадағы жаңа жетістіктермен, әлеуметтік саладағы  оң өзгерістермен есте қалады. Әсіресе, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және тұрақты даму қарқынын сақтауға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше  назар аударылды.

Бұл қол жеткен табыстар жаңа биіктерге серпін берері анық. Ал 2023 жылғы жетістіктер өңір тұрғындарының игілігіне айналуы тиіс.

Қымбатты жерлестер! Баршаңызды келе жатқан 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл барлығымыздың игілігімізді және әр отбасының берекесін еселей түссін! Барлық солтүстікқазақстандықтарға мықты денсаулық пен табыстар тілеймін! Әр үйге мейірім, ырыс пен ынтымақ әкелсін!

Жаңа жылдарыңызбен!,- деді Айдарбек Сапаров.

Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz