Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айында ауаның орташа температурасы минус 16,2-18,6 градус шегінде болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, қаңтар айының бірінші онкүндігінде облыстың басым бөлігінде қар жауып, боран болады. Жел солтүстік-батыста секундына 9-14 метр жылдамдықпен, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 15-20-дан 3-8 – ге дейін, күндіз минус 15-20 — дан 0-5 градусқа дейін болады деп күтілуде. Онкүндіктің соңында түнде 25-30 градусқа дейін, күндіз – 18-23 аязға дейін суытады.
Екінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде минус 8-13 градусқа дейін, күндіз 0 — минус 5 – ке дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасының ауытқуы түнде 20-25-тен 15-20 аязға дейін, күндіз — минус 10-15-тен минус 5-10 градусқа дейін жетеді деп болжануда.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 15-20 аязға дейін, күндіз минус 5-10 градусқа дейін төмендеуі деп күтілуде. Осыдан кейін ауа температурасының түнде минус 20-25 — тен минус 15-20 градусқа дейін, күндіз-13-18-ден 8-13 аязға дейін ауытқуы болжанады.