Биыл Петропавлда 44 велосипед ұрланды

Авторы: Qyzyljar News

Мамыр айында түнде Васильев көшесіндегі үйдің ашық подъезінен 3 спорттық велосипед ұрланды. Иелері қос доңғалақты көліктің жоғалғанын бірнеше күннен кейін ғана біліп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінде Петропавл қаласының екінші полиция бөлімінің қызметкерлері 3 спорттық велосипед ұрлады деген күдікпен екі ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының 19 және 22 жастағы тұрғындары болып шықты. Алдын ала тергеу барысында велосипедтер «Оlх» қосымшасы арқылы 30 000 теңгеге сатылғаны белгілі болды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінде екі велосипед табылып, иелеріне қайтарылды.

-Велосипедтерді көшеде, әсіресе супермаркет, дүкенге кіреберістердің жанына және тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде қараусыз қалдырмаңыздар. Ұрлық орын алған жағдайда дереу полицияға «102» нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз немесе «102» мобильді қосымшасын пайдалануларыңызға болады, — деді Петропавл қалалық №2 полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz