Иттерді құтқару операциясы қаңтардың 12-сі күні Ж.Қизатов көшесіндегі 3Б үйінің маңында орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қаңтардың 12-сі күні Ұлттық ұлан академиясының офицері майор Еркебұлан Ерсайынов қызметінен үйіне келе жатқан кезде ашық тұрған құдыққа екі қаңғыбас иттердің құдыққа құлап түскенін көреді. Төртаяқтыларға жанаршырлықпен қараған офицер үшін оларды құтқаруға бел байлайды. Офицер абдырап қалмады. Ол ең алдымен көмекке әкесін шақырып, кейін әріптесі Досым Қабылбеков екеуі иттерді арқанмен байлап шығара бастайды.
Офицерлердің қайырымды ісі өзгерелерге үлгі болары сөзсіз.