Қаңтардың 4-і мен 11-і күндері аралығында облыс орталығында 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыс «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде ұйымдастырылды. Біріншілікте 10 команда өз араларында мықтыны анықтады. Оның қорытындысы бойынша талдықорғандық «Жетісу» жеңімпаз атанса, екінші орын Түркістан облысының волейболшыларына бұйырды. Қола медальдар елордадан келген «Астана» командасының еншісінде. Ал жерлестеріміз турнир кестесінде 6-шы орынға жайғасты.