Синоптиктер республика бойынша қаңтардың 14-16 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы көтеріледі деп болжанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған болжам бойынша, еліміздің батысында ауа температурасы түнде минус 9-19-дан 5-17-ге дейін жоғарылайды.
– Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын кеңейтеді, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы, тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты бар бұрқасын қар жаууы ықтимал деп болжанады, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ауа температурасы:
- түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз;
- солтүстікте 10-23 аяз;
- орталықта 17-28 аяз,
- шығыста 18-32 аяз.