Парламент депутаттарын сайлауда өңірлердегі дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аймақтар бойынша:
Солтүстік Қазақстан облысында: Гүлмира Кәрімованың кандидатурасын 144 адам қолдады.
Шымкент қаласы бойынша: Нұрлан Бекназаров (76,7%) ең көп дауыс жинады.
Абай облысында: Қайрат Тастекеев 82,4% дауыс жинады.
Астанада қаласы бойынша: Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады.
Жетісу облысы бойынша: басым дауысқа Амангелді Толамисов ие болды.
Ал Қарағанды облысында: Серік Өтешов үшін 147 депутат дауыс берген.
Қызылорда облысында: Руслан Рүстемов 95 дауыс жинаған.
Батыс Қазақстан облысында Арман Өтеғұловқа дауыс берушілердің 73,7 пайызы жақтасқан.
ШҚО-да Шәкәрім Бұқтығұтов 86% дауыс жинады.
Ақтөбеде Амангелді Нұғмановқа 148 адам дауыс берген.
Маңғыстау облысы бойынша: Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы 85 дауыс жинаған.
Ақмола облысындағы алдын ала қорытынды бойынша: Талғат Жүнісов ең көп дауыс (199) жинады.
Қостанай облысы бойынша: Ғауез Нұрмұхамбетов (83,1%) көп дауыс жинады.
Алматыда Жанна Асанова ең көп дауыс жинады.
Түркістан облысында Мұрат Қадырбекке 200 дауыс берген.
Павлодар облысы бойынша: Ернұр Айткенов 87,1% дауыс жинаған.
Ұлытау облысында Советбек Медебаев (61,7%) көп дауыс жинады.
Атырау облысында Әлібек Нәутиевке көп дауыс берілген.
Алматы облысында Жанболат Жөргенбаев 83,2% дауыс жинаған.
Жамбыл облысында Сәкен Арубаев ең көп дауыс жинады.