2023 жылғы 13 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі алдыңғы деңгейінде сақтап қалу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Орталық банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
– Бұл шешім инфляцияның Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданды. Ішкі және сыртқы инфляциялық процестер динамикасы, сондай-ақ экономикалық өсу траекториясы Ұлттық Банк болжамының базалық сценарийіне сәйкес қалыптасып келеді,- делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жариялаған ақпаратта.
Орталық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдердің балансы проинфляциялық күйін сақтап қалды, себебі инфляцияның орнықты бөлігі жоғары қалыптасып, инфляциялық күтулер қарқын алды. Логистикалық тізбектердің құрылымдық өзгеруі экономикаға теріс ықпалын тигізіп келеді.