Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сумен жабдықтау саласына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мониторингтің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық тәжірибені бағалау болып табылады.
– Халықты ауызсумен қамтамасыз ету сұрағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Облыс тұрғындары осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша өз ұсыныстарын электрондық поштаға жібере отырып, мониторингке қатыса алады «upd.sko@antikor.gov.kz» немесе 8(7152)36-24-49 нөміріне қоңырау шала алады, — делінген департамент жариялаған ақпаратта.