Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық дәрігерлері көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакцина екенін еске салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, балаларды көкжөтелге қарсы екпе салу шарасы бес және алты компонентті аралас вакциналарды қолдану арқылы жүргізіледі. Оның ішінде үшеуін екі айдан бастап қою керек, аралығы 1 айдан аспауы қажет. Ревакцинация бала 1 жарым жасқа толғанда жүргізіледі.
– Көкжөтел – бұл көбінесе балалар ауыратын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясы бұзылып, ауру өршіген кезде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары зақымданады. Асқынулар екі жасқа дейінгі сәбилер мен қарттарға тән. Алайда, кез-келген жаста ауру әл-ауқаты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын-алу әдістерін білу керек, — делінген департамент жариялаған ақпаратта.
Мамандардың айтуынша, көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас, яғни дене қызуы +38°С-қа дейін көтеріледі, адам қалтырап, әлсіздік, бұлшықеттердің ауырсынуы, бас ауруы сынды белгілер пайда болады. Мұрыннан су ағып, бітеледі, құрғақ жөтел мазаны алуы мүмкін.
Жалпы өткен жылы аймақта көкжөтелдің бір зертханалық расталған жағдайы тіркелген