Петропавлда сауықтыру кешені өртке оранды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда сауықтыру кешеніндегі өртті екі рет сөндіруге тура келді. Қаңтардың 14-і түнде басталған өрт толық сөнбей, келер күні өртсөндірушілер тағы да сол нысандағы отты ауыздықтауға жұмылдырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы «Парковая» сауықтыру кешенінде өрт шыққандығы туралы хабар 14 қаңтарда сағат 23:45-те түскен. Өртсөндірушілер жеткенде нысан отқа оранған. Мамандар жалынмен үш жақтан күресіп, сағат 2:00 шамасында сөндірді. Оқиға орнында 41 адам, 11 техника жұмыс істегенін айта кеткен жөн.

– Өрттің салдарынан от жағу бөлмесі, демалыс бөлмесі, кір жуатын бөлме өртке оранып, кешеннің шатыры толықтай зақымданды. Өрт жалмаған аумақ – 160 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ, — делінген хабарламада.

Алайда, 15 қаңтар күні таңертең қайтадан өрт шыққаны анықталды. Белгілі болғандай, өрт түнде толық сөндірілмей, қуыста бықсып қалып қойған.

– Қайта өрт шықпауы үшін оқиға орнында барлаушылар қалып, таңертең жылу ұстағыш материалдардың бықсып жатқанын байқап қалған. Күрделі құрылыстан ол жерге мамандар түнде жете алмағанын да айта кету керек. Бүгінгі таңда кешенде өрт сөндірушілер әлі де жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отыр, — деді баспасөз қызметінің мамандары.

Алдын ала болжам бойынша, пешті қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz