«Қарлығаш» би ансамблі «Шаттану» атты республикалық фестивальде жеңімпаз атанды. Шымкентте өткен бишілер сайысында жерлестеріміз түрлі жас ерекшеліктері бойынша 5 бірінші, екінші және гран-приді жеңіп алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қарлығаш» би ұжымының құрамында 110-нан астам биші бар. Бірнеше жыл бойы ансамбль түрлі республикалық және халықаралық байқауларда қанжығаларын майлап келеді. Жуырда солтүстікқазақстандық қарлығаштар Шымкенттен жүлделі оралды.
– «Шаттану» фестивалінде бишілеріміз 8 биді ұсынды. Әрқайсысы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. «Гусеничка» биі бізге байқаудың бас жүлдесін алып берді, -дейді «Қарлығаш» би ансамбілінің жетекшісі.